Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ кезінде беташар жасаған тұрғындар жауапқа тартылды

Түркістан оьлысы Мақтаарал аудандық полицейлер төтенше жағдайға қарамастан беташар тойын жасаған тұрғынды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін енгізілгені барлығына дерлік белгілі. Десек те тұрғындар тарапынан әлі де болса мұны сезінбей, біршама адамның басын қосып той жасау жайттары орын алды. Осыған орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасап жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, қандай да адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалауға алды. ​​

Осындай кезекті рейд барысында Мақтаарал ауданы Жаңаауыл әкімшілігіне қарасты ауылдардың бірінде тұрғын-үйінің ауласында келін түсіріп, беташар тойын жасап, туыстарын жинаған тұрғын анықталды. ​​​

ҚР Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзғанаталмыш тұрғынға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықкодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу бойынша хаттама түзіліп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, айыппұл салды.​​​Түркістан облысы полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Бұл өзіңіздің де, өзгелердің де денсаулықтарыңыз үшін дұрыс болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру