Сотталғандар арасында дартстан сайыс өтті
Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандар арасында дартстан сайыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында жыл сайын ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі, оның басты мақсаты – елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.
ҚР Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/1 мекемесі РММ-де шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталғандар арасында «дартс сайысы» ұйымдастырылды. Спорттың аталмыш түріне сотталғандар ерекше қызығушылық танытты. Сайыстың басты мақсаты – жазасын өтеушілердің тәрбие үрдісіне белсенді қатысуына мүмкіндік жасап, түрлі бағытта қабілеттерін шыңдау, сонымен қатар олардың қоғамдық белсенділігін дамыту. Сайыс барысында сотталғандарға ойын ережесі түсіндіріліп, іс-шараның ұйымдастырылу мақсаты айтып, жеткізілді. Жарысқа әділ төрелік етуге СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы Серик Ержанов шақырылды. Іс-шара тартысты, әрі қызықты өтті. Сотталғандар аталмыш сайыс түрін жиі өткізіп тұруға байланысты ниеттерін білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша сотталғандар мекеме бастығының грамоталарымен марапатталды.