Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов іс-шараны ашып, жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтады.

– 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда алғаш рет жалпы халықтық сайлау негізінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті ретінде әлем мойындаған мемлекеттің негізін қалады. Елбасымыздың жүргізген саясатынын арқасында экономикамыз қарқынды өсіп, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылдық. Бұл мереке халықты Тәуелсіздік құндылықтарының айналасына біріктіріп, қазақстандық патриотизмді, ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін нығайтады. Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!, – деді Ералы Мұсаәліұлы.

Бүгінгі мерекеге орай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін 73 ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен төрт қызметкер, II дәрежелі “ІІО үздік қызметі үшін” төсбелгісімен үш қызметкер, ІІМ “Құрмет грамотасымен” төрт қызметкер, ІІМ “Алғыс хатымен” үш қызметкер, ІІМ “Алғыс жариялауға” бір қызметкер бар. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтің бұйрығымен 10 қызметкер Грамотамен, жеті қызметкерге алғыс хат табысталды. Он үш қызметкерге Алғыс жарияланып, 27 қызметкердің бұрын берілген тәртіптік шаралары мерзімінен бұрын алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру