Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне батпырауық жасады

Павлодар колониясындағы сотталғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне батпырауық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының АП-162/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар балалар үйінің тәрбиеленушілеріне батпырауық жасап берді.

– Ел Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Өңіріміздің кішкентай тұрғындарына арнап бірқатар шаралар, соның ішінде қайырымдылық сипатты шараларды да өткіземіз. Жақында Павлодар ауданының Розовка ауылындағы балалар үйі туралы хабардар болдық. Балаларды қорғау күніне орай сотталғандарға осы балалар үшін сыйлық жасауды ұсындық. Тілек білдіргендер жауап беріп, батпырауық жасады. Қызметкерлер оларға жасау технологиясын көрсетті. Әр бала бақытты, дені сау болып өсе берсін, – деп түсіндірді мекеме басшысы Ербол Шарипов.

– Успен балалар үйінің осы филиалында төрт қыз, екі ұл тұрады. Бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Біз олардың бос уақытын ұйымдастыруға бар күшімізді саламыз, әсіресе, жаз мезгілінде. Осындай керемет сыйлықтар үшін рақмет. Олар үшін бұл қызық, – дейді балалар үйінің директоры Аманжол Жумабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру