Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар балаларға мүсінді сыйға тартты

Шығыс Қазақстан облысында сотталғандар балабақшаға танымал мультфильм кейіпкерлерінің мүсінін жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылындағы ОВ 156/18 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар «Маша мен аю» мультфильмінің кейіпкерлерінің мүсінін жасады.

Сотталғандардың қолынан шыққан бұл туындыны  мекеменің қызметкерлері осы кенттегі «Бастау» балабақшасына сыйға тартты.

– Бала – адамның бауыр еті. Әр ата-ана бүкіл әлем тыныштығын тілеп, әлемнің бар жақсылығын сыйға тартқысы келеді. Болашақ ұрпақтың уайымсыз өсіп-өнуі үшін қолымыздан келгенше көмектесуге дайынбыз. Бүлдіршіндерімізді құттықтап, оларға күлкі сыйлау – игі іс, – деді мекеме басшысының орынбасары Ербол Кабдыгалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру