Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеушіге келген сәлемдемеден есірткі табылды

Алматы облысында жазасын өтеушіге келген сәлемдемеден есірткі заты анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЛА 155/12 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп отқан сотталушы Ж.Тишимбаевқа 4 тамызда Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны Н.Жұмабаев сәлемдеме әкелді. №2136 өтінішпен рәсімделген темекі, шай, колбаса, халва, печенье, тәтті, сүт, вафли, бауырсақ, майка, етік май, қаламсап, дәптерәжетханалық қағаз, газет, тарелка секілді қажеттіліктерді қызметкерлер тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды. Полиэтиленді қалташаларға оралған үш дана жасыл, үш дана сұр түсті ұнтақты вафлидің арасына есірткі затын жасырып өткізбек болған әрекеті әшкереленді.

Қылмыстық қадам туралы бірден департамент басшылығына хабар берілді, прокуратура органына арнайы хабарлама жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру