Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақтық полицейлер мекемеден жанармай ұрлаған күдіктіні ұстады

Созақтық полицейлер мекемеден жанармай ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Созақ АПБ-ның бөліміне жергілікті тұрғын 102 нөміріне хабарласқан. Онда Мемлекеттік білім беру мекемесінің бірінен белгісіз біреу жанармай алып шығып бара жатқанын айтқан.

Хабарлама түскен бойда созақтық жедел уәкіл қызметкерлері бірден іздестіру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде күдіктіні полицейлер көп ұзамай Жібек жолы көшесінің бойынан ұстап бөлімшеге жеткізді.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүруде.

Тергеу барысында күдікті сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алып, өз қажеттілігіне жұмсамақ болған. Сондай-ақ күдікті ер азамат сол мекеменің жанармайларға жауап беретін қызметкер болып істейтіні анықталды. Ол жанармайды “Опель” маркалы автокөлігіне ұрлап салып шыққан. Жымқырылған жанармайдың көлемі 250 литрді құрап, мекемеге 50 мың теңгеге жуық шығын келген. Айғақты зат ретінде жанармай тәркіленіп, мекемеге қайтарылды. Бүгінгі таңда күдікті қолхатта.

Түркістан облысының полицейлері бөтен немесе сенімді емес адамдарға бағалы заттарды сеніп тапсырмауды ескертеді. Сондай-ақ осындай жайттың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру