Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО ауылдық округінде бірде-бір қылмыс тіркелмеді

СҚО ауылдық округінде ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануы мен учаскелік инспектордың жұмысының арқасында бірде-бір қылмыс тіркелмеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының аудандарында құқықтық тәртіпті 200-ден астам учаскелік полиция инспекторы қадағалайды. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауап береді, қылмыстарды ашуға қатысады, барлық қауіп-қатерлерге барады. Учаскелік полиция қызметі көбінесе «мың және бір міндеттің жұмысы» деп аталады; инспектор учаскедегі жұмысты қалай ұйымдастыратындығына – азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығы тікелей байланысты.

Есіл ауданының Бұлақ ауылдық округінде 652 адам тұрады. Округ құрамында үш ауыл бар: Бұлақ, Ақтас және Қарағай. 2018 жылғы маусымнан бастап аталған аумаққа тәжірибелі учаскелік инспектор Қанат Жанғарин қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың және ауыл тұрғындарының қолдауы арқасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс тиісті деңгейде жолға қойылған: жыл басынан бері округте бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

Тұрақты жағдай көбінесе ауыл тұрғындарының басым бөлігі жұмысқа орналасуына, адамдардың іспен айналысуына, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланбауына негізделеді. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық тәртіптің деңгейі мен елді мекендердегі қолайлы атмосфера адамдардың салауатты өмір салтын ұстануына байланысты. Дегенмен, қоғамдық тәртіп күн сайын учаскелік инспектор тарапынан профилактикалық жұмыстармен күшейтіледі.

Бұлақ ауылдық округінің әкімі Болат Бейсенбаевтың айтуынша, Қарағай ауылында соңғы жылдары масаң күйде жүрген ешкім байқалмаған. Қылмыс жоқ. Спирттік ішімдіктерді заңсыз сату тіркелмеген. Алкоголь онда сатылмайды, бірақ тыйым салынбаған. Оның орнына ауыл тұрғындары бос уақытында спортпен белсенді шұғылданады: турникте түрлі жаттығулар жасап, футбол, волейбол ойнайды, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерін белсенді дамытуда.

Халықтың, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның тығыз қарым-қатынасы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың негізгі тетігі болып табылады. Сервистік полиция жұмысында учаскелік инспектордың алатын орны аса маңызды. Жұмыстағы негізгі басымдық – ашықтық пен айқындылық, сондай-ақ барлық проблемалар мен азаматтардың өтініштеріне жауап беру, – дейді СҚО Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру