Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“СҚО бойынша іздестіру жасағы” еріктілер қозғалысы екі жылдығын атап өтті

Жыл басынан “СҚО бойынша іздестіру жасағының” еріктілері полицейлерге 32 адамды іздеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл бірлестіктің еріктілері екі жылдан бері полицейлермен тығыз қарым-қатынас жасауда.

– Петропавл аумағында жоғалғандарды іздеу қажет болғанда орта есеппен алғанда 50-70, ал аудандарға шығу үшін 30-40 адам жұмылдырамыз, – дейді “Іздеу жасағының” жетекшісі Евгений Соловьёв. — Осындай іс-шараға 100 шақты жасақ мүшесі қатысатын кездер де болды, алыс аудандарға бару үшін полиция қызметкерлері автобустар бөлетін. Тәртіп сақшыларымен бірлесе жоғалғандардың болуы мүмкін орман алқаптарын, қараусыз қалған құрылыстар, құдықтар мен басқа да орындарды тексереміз. Бізде әлеуметтік желілердегі белгілі пабликтердің әкімшілерімен байланыс ретке келтірілген, сондықтан із-түзсіз жоғалғандар жайлы бағдар қалаға тез тарайды. Бұл бағдарлардың дизайны бойынша “Lider.kz” еріктілер қозғалысының атқаратын жұмысын атап кеткен жөн. Қолданушылардан келіп түсетін ақпарат іздеу іс-шаралары кезінде маңызды көмек болады.

Атап айтқанда, “Іздестіру жасағы” қозғалыстың екі жылдығына дайындалған бейнероликті іздестіру тақырыбына арнаған. Ролик “Instagram” желісіндегі Евгенийдің парақшасында жарияланған және бір күнде екі мыңнан аса қаралған. Онда еріктілер өз жұмысының барлық бағыттары жайлы тарқатқан. Есірткіге қарсы күрес акцияларына белсенді қатысу, тұрғын үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтау бойынша түнгі рейдтер кезінде ювеналдық полицейлер мен әлеуметтік ұстаздарға көмектесу сынды қыруар атқарылған жұмыстар. Ең ауқымды акциялардың бірі – жазда өткен “Велосипед” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында өз мүлкіңді сақтау жөніндегі түсіндіру жұмысы болатын, ол кезде қоғалысқа қатысушылар екі мыңнан аса брошюра таратып, ұрлық қаупі жайлы ескерткен еді. Еріктілер карантиндік іс-шаралар аясында жалғыз басты зейнеткерлерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек таратып, айтарлықтай көмек қолын созды.

– Мемлекеттік органдармен кез-келген жағдайда қарым-қатынас жасауға дайынбыз, бұл біздің азаматтық ұстанымымыз деп санаймыз, – дейді Евгений Соловьёв.

СҚО ПД Кримналдық полиция басқармасының бастығы Петр Климовтың айтуынша, биылғы жылдың өзінде “СҚО бойынша іздеу жасағы” 32 іздеу іс-шарасына қатысқан, олардың атқарған жұмысы тоғыз адамды іздеп табуға септігін тигізген.

– Қозғалыстың құрылғанына екі жыл толуымен құттықтаймын, – дейді КПБ басшысы. Еріктілер – құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды қоғамдық ресурс болып табылады, біз алдағы уақытта қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру