Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік атыраулықтың атына онлайн-несие рәсімдеген

Ақтөбелік атыраулықтың атына онлайн-несие рәсімдеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйек күні 42 жастағы ақтөбелік интернет ресурстарды пайдалана отырып, Атырау қаласының 44 жастағы тұрғынына онлайн-несие ресімдеген. Шығын сомасы 125 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталып, мойындады.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осыған байланысты полицейлер бөгде адамдарға өздерінің банктік карталарының жеке деректерін бермеуді, қырағы болуды, өзіңізді және өз мүлкіңізді қорғауды тағы да еске салады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, дереу жақын маңдағы полиция бөліміне жолығыңыз немесе “102” телефонына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру