Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте караоке-клуб карантиндік режимге қарамастан жұмыс жасаған

Шымкентте караоке-клуб карантиндік режимге қарамастан жұмыс жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына Нұрсат мөлтек ауданың тұрғындары жертөледе орналасқан караоке-клуб карантиндік режимге қарамастан жұмыс жасайтындығы туралы арызданған.

Аталған арыз бойынша Қаратау ауданының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі, аудандық прокуратура мен тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мамандарымен бірлескен жұмыс тобы құрылып, рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. 

Нәтижесінде караоке-клуб карарантиндік режимді өрескел бұзып, жұмыс жасап жатқандығы анықталды. Аталған жайтқа байланысты адамдардың шоғырлануына жол бергендері үшін нысан иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша жинақталған іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру