Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде 6 ұлттың өкілдері қызмет етеді

СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде 6 ұлттың өкілдері қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 6 ұлттың өкілдері қызмет атқаруда, олар: қазақ, орыс, татар, чуваш, украин және неміс.

Светлана Борисенко – СҚО бойынша ҚАЖД-да аға инспектор-психологы. Ішкі істер органдарында еңбек етіп жүргеніне 15 жылдан асты. Светлана Юрьевнаның жұмысы жеке құраммен тікелей байланысты, әсіресе жас қызметкерлерге психологиялық көмек көрсетіп, сотталғандармен жұмыс істеу үшін бейімделуге көмектеседі. Түрлі психологиялық тренингтер өткізеді.

Светлана Борисенко 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданы Ұзынкөл ауылында  дүниеге келген. Әжесі Крымнан жер аударған, неміс – Эрна Франсовна Гернер. Атасы – украин Пётр Максимович Борисенко, ол кісі де жер аударып келген.

Светлана М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Педагог-психолог” мамандығы бойынша тәмамдаған.

– Анамның әкесі 3 жыл бойы Шығыста әскерде болған. Сол кісі кішкентай кезімнен бастап “туған жеріңе адал еңбек етуің керек” деп құлағыма құйып келді. Жеке отбасыма келсек, менің отбасым да көпұлтты десем болады. Күйеуім – армян. Ұлым – Артур, 6 жаста. 1 мамыр – біздің көпұлтты отбасы үшін ерекше күтетін мерекелердің бірі, – дейді Светлана.

Ағайынды Евгений және Григорий Ивановтар – СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызмет етеді. Григорий – ЕС-164/1 тергеу изоляторында мекеме бастығының кезекші көмекшісі. Ал Евгений болса ЕС-164/3 мекемесінің режим бөлімінің аға жедел уәкілі лауазымында. Олар да бұл мерекені асыға күтеді екен.

– Департамент пен оның мекемелерінде 360 жуық адам қызмет артқарады. Қызметкерлердің 55%-ы – қазақ, 36%-ы – орыс, ал қалған 9%-ын басқа ұлт өкілдері, яғни татарлар, украиндер, немістер мен чуваштар құрайды, – СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру