СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді
СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов жеке құрамды мерекемен құттықтап, 45 қызметкерді марапаттады.
Атаулы күні СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері салтанатты жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық алғысы» марапатымен, Ішкі істер министрінің, ҚАЖ Комитеті төрағасының, Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің және СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Мінсіз қызметі үшін» дәрежелік медальдармен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
Іс-шара барысында Қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының грамотасымен марапатталды.
Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін қызметкерлер мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.