Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны алаяққа алданып, млн теңгесінен айырылды

Шымкент тұрғыны алаяққа алданып, млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы жүгінген. Арызданушының айтуынша, оған алыс танысы мемлекет тарапынан млн теңге көлеміндегі жәрдемақыны шығарып беремін деп сендірген. Алдымен құжаттарды жасау үшін 200 мың теңге қажеттілігін айтып, қаражатты есепшотына аудартып алған. Алайда арада өте не уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай “ізін суытқан”.

Тәртіп сақшылары аталған деректі ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды.

Аталған алаяқтық жайтын ашу мақсатында Абай АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, азаматшаның жеке-басын анықтап, оны басқармаға жеткізді. Ол 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің арыз иесінен алған қаражатты өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру