Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада табиғат қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде

Ақмолада табиғат қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында 1-31 желтоқсан аралығында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қылқан жапырақты жас ағаштарды заңсыз кесуді, дайындауды, алып өтуді және өткізуді анықтауға және жолын кесуге бағытталған іс-шаралар жүргізуде. Аталған іс-шаралар орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясымен бірлесіп жүргізіледі.

Рұқсат беретін құжаттарсыз тасымалдау мен өткізудің әрбір фактісі бойынша оларды сату, сатып алу, қайта сату, дайындау көздерін белгілей отырып, қарсы тексерулер жүргізіледі.

Сондай-ақ аңшылық шаруашылықтары мен алқаптарға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру және шығу жолдарында қосымша бірлескен мобильдік бекеттер ұйымдастырылды.

Автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа да жерлерде жас қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен сатудың заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтілді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК-нің 340-бабына сәйкес кесуге тыйым салынған ағаштарды заңсыз кесу қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады және 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Егер ағаштар орман қорына кіретін болса, онда айыппұл 180 АЕК-ке дейін немесе қырық бес тәулікке дейін қамауға алынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру