Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО бойынша ҚАЖД Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

СҚО бойынша ҚАЖД Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов жеке құрамды келе жатқан мерекемен құттықтап, 80-ге жуық қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері мен ардагерлерін жеке марапаттады.

– Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан Қазақстан азаматтарының қалқаны мен қылышы болған. Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қорғауға мұқтаж адамдарға, көбінесе өз өмірлерінің құнмен көмекке келуге дайын. Бұл күні біз жауынгерлік бекетте қаза тапқан жолдастар мен бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған жандарды еске аламыз. Осы салтанатты күні біз қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне де құрмет көрсетеміз. Олардың көпшілігі бүгінде сапта, бай тәжірибесімен бөлісуге, дана кеңес беруге дайын. Қазақстан полициясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтай отыра, сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби және азаматтық борыштарыңызды орындауда ар-намыс пен сәттілік тілеймін, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Осы атаулы күні салтанатты жағдайда СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына – 30 жыл» төсбелгілерімен, Ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының, СҚО әкімінің, СҚО бойынша ҚАЖД бастығының құқықтарымен грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін қызметкерлер мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру