СҚО-да 170 отбасылық жанжалқой әкімшілік қамаққа алынды
СҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасаған 170 жанжалқой әкімшілік қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы отбасындағы жанжалдар туралы келіп түскен мекенжайлар бойынша алдын алу жұмысын күшейтті. Үш айдың ішінде облыста отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 561 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді: 170 адам әкімшілік қамаққа алынып, 83-іне ескерту жасалды және біреуіне айыппұл салынды.
Аудан орталығы Мамлюткада учаскелік полиция инспекторлары Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшылығымен бірлесе бірден екі отбасыға барды, біреуінде бес бала болса, екіншісінде – екеу. Бұл мекенжайлардан отбасылық жанжалқойларға қатысты шақыртулар келіп түскен. Полицейлер жанжалдардың себептерін айтып беруді сұрады. Тәртіп сақшылары ерлі-зайыптыларға олардың міндеттері мен құқықтары туралы еске салды және облыстық полицияның әйелдерді қорғау жөніндегі бөліністерінің, “Әйелдерді қолдау орталығының” байланыс нөмірлерін қалдырды. Бірер күн бұрын учаскелік полиция инспекторлары мен облыстық полиция аппараты қызметкерлері аудан орталығы Бескөлде және Петропавл қаласында үй-үйді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Тұрмыстың қолайсыздығы, жұмыстың жоқтығы және маскүнемдік – үйдегі жанжалға түрткі болатын негізгі факторлар болып табылады. Бұндай фактілердің тек бір бөлігі ғана ресми құрылымдардың назарына түседі.
– Жыл басынан облыста жанжалқойларға қатысты 847 қорғау ұйғарымдары шығарылды, оларды бұзғаны үшін 59 адам жауапқа тартылды. Тұрмыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша бұзушының жүріс-тұрысына қатысты 229 ерекше талап белгіленді. Тұрмыс саласында құқық бұзушылық жасаған тұлғалар учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді қорғау жөніндегі инспекторлардың ерекше бақылауында. 2017 жылы облыста “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігі қасында “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының уақытша болу және тұру орталығы” құрылды. 2021 жылы аталған орталыққа СҚО Полиция департаменті қызметкерлерімен 74 адам орналастырылды, оның 28-і әйел, 46-сы бала, – деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.
Жергілікті полиция қызметі басқармасы хабарлағандай, егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары болған жағдайда “102” жедел арнасына немесе тікелей әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобына келесі телефон нөмірлеріне: (7152) 49-31-58; 61-25-30; 8-708-432-45-61 (WhatsApp нөмірі) хабарласу керек. Сонымен қатар, “Әйелдерді қолдау орталығы” қоғамдық бірлестігінің дағдарыс орталығының сенім телефоны: (7152) 46-13-26 жұмыс істейді.