Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да отставкадағы офицерлер арасында үздік шахматшылар анықталды

СҚО-да отставкадағы офицерлер арасында үздік шахматшылар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының базасында ішкі істер органдары мен ҚР Ұлттық ұлан ардагерлері арасында шахматтан турнир өтті. Іс-шара Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналды. Жарыстың төрешісі – Виктор Денисенко 30 жылдан астам уақыт бойы осы спорт түрімен шұғылданып келеді.

Турнирдің жеңімпазы болып ҚР Ұлттық ұланының отставкадағы подполковнигі Жанат Сәрсембаев танылды.

Жеңімпаздың айтуынша, шахматты оған әкесі үйреткен екен. Аталған спорт түрі зейнеткердің жалғыз ермегі емес. Еңбек демалысындағы 13 жылда бильярдпен, жеңіл атлетикамен, волейболмен, шаңғы тебумен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанады. Отставкадағы полиция полковнигі Мұрат Қожаев жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Шахматқа бала күнінен қызығушылық танытқан, тіпті жылдар бойы қызметінде де серік еткен. 1995 жылы сержант болып қызметін бастаған ол, зейнетке басқарма бастығы болып шықты. 2020 жылы мемлекеттік қызметшілер арасында шахматтан жарыс чемпионы атанды. Сондай-ақ, Мұрат Қожаев айналысқан самбо, қазақ күресі және қоян-қолтық ұрыс сияқты спорт түрлері дене даярлығын нығайтады, бұл полиция офицері үшін өте маңызды. Үшінші орынды 68 жасар отставкадағы полиция майоры Әмір Шуанбаев иеленді. Сайыс жеңімпаздары грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

СҚО ПД Арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының бастығы Жанат Сағденовтің айтуынша, мұндай іс-шаралар ардагерлер арасында да, жас полиция қызметкерлері арасында да спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түседі.

– Біз жан-жақты дамуға ұмтыла отырып, физикалық, зияткерлік дамуға алаң қалыптастырамыз. Шахмат сияқты ойын жадыны жаттықтырады, стратегиялық ойлау және зияткерлік қабілеттерін дамытады, – деп атап өтті жарыс ұйымдастырушысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру