Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полициясы ата-аналарға негізгі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жыл басынан бері балалардың терезеден құлап кетуінің төрт дерегі тіркелді, оның біреуі өліммен аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ювеналды полиция инспекторлары балалардың көпқабатты үйлердің терезелерінен құлап кету фактілерінің алдын алу мақсатында елорда тұрғындарына профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп, қауіпсіздік шаралары туралы ескертіп тұрады.

Жазатайым оқиғалардың көп бөлігі ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарауына байланысты болады. Бала ересектердің көз алдынан кеткенде, терезе ашық кезде жалғыз қалғанда құлап кету қаупі өте жоғары.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті ата-аналарға баланы терезеден құлап кетуден қалай қорғау керектігі жөнінде кеңес береді:

– балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Өзіңізді оның қасындамын деп ойлайсыз, бірақ сіздің ойыңыз бөлінген аз ғана уақыт балаңызды өлімге әкелуі мүмкін;
– ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оларға сүйеніп, тормен бірге құлап кетеді;
– балаңыз терезені өз бетінше аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғау жүйелерін (бекіткіштер, бұғаттауыштар) орнатыңыз;
– баланың өздігінен терезенің алдына шығып алмауы үшін жиһазды терезеден алысырақ жерге орналастырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру