Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда дүкеннен ноутбук ұрлаған күдікті құрықталды

Елордалық тәртіп сақшылары “Технодом” дүкенінен ноутбук ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Алматы” ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне “Технодом” ЖШС басқарушысынан белгісіз ер адамның “Lenovo” маркалы ноутбугын ұрлағаны туралы арыз түсті.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде “ізін суытпай” бұрын сотталмаған елорданың 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ер адам осы қылмысты жасағанын мойындады. Электроника сататын компанияға 190 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру