Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада ер адам бірге тұратын әйелді соққыға жықты

Ақмолада ер адам бірге тұратын әйелді соққыға жықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 сәуірде Зеренді ауданының полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың қабылдау бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап жүгінгені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Зардап шеккен адамға “мұрынның жарақаттық ампутациясы” диагнозы қойылды.

Анықталғандай, әйелге дене жарақатын бірге тұратын 33 жастағы ер адам салған. Ол мас күйде болған. Жанжалдың себебі – қызғаныш.

Зеренді АПБ тергеу бөлімі күдіктіге қатысты ҚР ҚК 107-бабының 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қазіргі уақытта зардап шеккен адам полицияға онымен бірге тұратын адаммен татуласуға ниетті екенін айтып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру