Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды

СҚО-да адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Есіл ауданында 11 қазанда сағат 16:00 шамасында адам өлімімен жол-көлік оқиғасы орын алды. “Жезқазған-Петропавл” республикалық маңызы бар автожолдың 866 шақырымында “жедел жәрдем” каретасы “МТЗ-80” тракторымен соғылған. Көлікте жүргізушіден бөлек, жалпы практика дәрігері, мейірбике және Ғ.Мүсірепов ат. ауданнан Петропавлға алып бара жатқан науқас болған. ЖКО нәтижесінде 28 жастағы дәрігер оқиға орнында қайтыс болған. Мейірбике аудандық орталық ауруханаға, пациент – Кардиологиялық орталыққа емделуге жатқызылды. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес екі жүргізуші де сау.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу аясында орын алған оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру