Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да әйелдер колниясында жазғы спартакиаданың ашылуы өтті

СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінде сотталғандар арасында жазғы спартакиаданың ашылуы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қонақтар ретінде ҚР жеңіл атлетикадан аға жаттықтырушысы Станислав Фоленвейдер және оның оқушысы – есту қабілеті бұзылған адамдар арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы Рахат Табулов келді.

Мереке “Зумба” флешмобынан басталды, ол қатысушыларға сергектік сыйлады.

Мекеме бастығының орынбасары Гүлнар Сыздықова командаларға жеңіс тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Одан әрі мейман-спортшылар сотталған әйелдермен дене шынықтыру жаттығуларын өткізді.Спартакиадаға “Тайм”, “Бугатти” және “Бумеранг” командалары қатысады, олар бір ай бойы волейбол, жеңіл атлетика, армреслинг және т.б. сияқты түрлі спорт түрлерінде жарысады.

Барлық үш команданың өкілдері көрермендер мен қонақтарға өздерінің жалынды сөздерін көрсетті, эмблемалар, ұрандар мен сөз сөйлеулерді ұсынды.

Спорттық әндер шырқалып, акробатика және гимнастика элементтері бар билер қойылды.

Аталған іс-шара жыл сайын өткізіледі. Жаздың соңында спартакиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен нәтижелер жарияланады. Әкімшіліктің міндеті сотталғандарды жан-жақты дамыту: рухани, спорттық, адамгершілік және сотталғандарды түзетуге және өмірлік басымдықтарды қайта қарастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру