СҚО-да әккі мал ұрысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
СҚО-да әккі мал ұрысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығының саны айтарлықтай төмендеді. 8 айдың ішінде 11 осындай қылмыс тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 23 қылмыс тіркелген, 52,2%-ға төмендеген. Бұл полицейлердің профилактикалық жұмысы, малды еркін жаюға заңнамамен тыйым салу және 2019 жылдың соңында ҚР Қылмыстық кодексінен бөлек 188-1-бөлігінің (Мал ұрлығы) енгізілуі арқасында болып отыр. Полицейлердің айтуынша, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қатаң жазасы – қаскөйлерді тежейтін маңызды фактор.
Мәселен, СҚО-да бірнеше рет мал ұрлығын жасаған Ақмола облысының екі тұрғыны сотталды. Қылмыстар 2021 жылы жазда Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысында жасалған. СҚО Тайынша ауданының тергеушілері осындай қылмыс жасаған бұрын сотталған Көкшетау қ. 39 жастағы тұрғынының 4 қылмысқа қатысын анықтады. Щучинск қаласында тұратын оның 45 жастағы сыбайласы 3 қылмыс бойынша күдікке ілінген. Олар ұрланған қой мен бұзауларды көкшетаулықтың Nissan Primera автокөлігімен әкеткен.
– Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған Щучинск тұрғыны 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұрлықтар қора-қопсыға заңсыз бұзып кіру арқылы да, малды байланып тұрған жерінен әкету арқылы да жасалған. Дей тұрғанымен, мал ұрлығы көп жағдайда малдың еркін жайылымда жүруінен орын алып жатады. Полиция қызметкерлері халықпен кездесу кезінде, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы мал иелерін өз мүліктеріне сақ болуға, бақташы мен жергілікті атқарушы органдармен үш жақты келісім жасауға шақыруда, – деп хабарлады СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.