СҚО-да ауруханадан қашқан тергеумен қамалған адам ұсталды
СҚО-да ауруханадан қашқан тергеумен қамалған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамыз күні кешке Ғ. Мүсірепов атындағы ауданда арнайы палатада емдеуде болған тергеумен қамалған адам Новоишимское ауылында ауруханадан қашып кеткен. 23 жастағы солтүстікқазақстандық мал ұрлығы фактісі бойынша тергеуге алынған.
Облыстық Полиция департаментінің, аумақтық бөліністердің жеке құрамы дабыл бойынша жиналып, күдіктіні іздеуге бағдарланды. Облыстық және республикалық маңызы бар жолдарға бекеттер қойылды. Жексенбі күні таңертең Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Ставрополка ауылының маңында іздеудегі ұсталды.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қашу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.