Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да дінтанушылар жедел уәкілдерге экстремистік ұйымдар туралы айтып берді

СҚО-да дінтанушылар жедел уәкілдерге экстремистік ұйымдар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлердің діни экстремизмге қарсы күресте біліктілігін арттыру – бұл тәртіп сақшыларының “AQNIET” орталығы өкілдерімен өткен кездесудің негізгі мақсаты болды.

СҚО Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы басшылығының бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша “AQNIET” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы қоғамдық қорының өкілдері шақыртылды. Дінтанушылар халықпен күнде тығыз қарым-қатынас жасайтын жедел бөліністердің қызметкерлеріне сабақ өткізді. Іс-шара қонақтары салафизм идеологиясының дәстүрлі Ислам нормаларынан айырмашылығы, діни экстремистік ұйымдардың тарихы туралы айтты. Бұдан бөлек, күнделікті қызметте пайдаланылатын басқа да қажетті мәліметтермен бөлісті.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы айтып өткендей, жедел бөліністерде аз уақыт қызмет етіп жүрген жас қызметкерлерді ақпараттандыруға баса назар аударылған. Оларды деструктивті діни ағымды ұстанып жүрген адамның белгілерін танып білуге, қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкін экстремистік ағымдардың жақтаушыларының психологиясын түсінуге үйрету аса маңызды. Біліктілікті арттыру – қызметтік міндеттерді тиімді атқаруға және адамдардың заңды құқықтарын қорғауға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру