Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жолда қалған мас әйелге көмектесті

Павлодар полицейлері жолда қалған мас әйелге көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдеу кезінде полиция өз қызметіне қарай құқық тәртібін қадағалап қана қоймай, оған мұқтаж адамдарға да көмек көрсетеді. Әсіресе ауа-райының өзгеруіне, аязды күндердің басталуына байланысты.

Мәселен 27 қарашада сағат 22:51-де полицияға Пахомов көшесінің бойымен алкогольдік масаң күйдегі әйел келе жатыр деген қоңырау келіп түсті. Бұл кезде кибершерифтің автопатрулі көрсетілген мекенжайдан алыс емес жерде патрульдеу жүргізген. Тәртіп сақшылары таксиді тоқтатуға тырысқан әйелді байқады.

Оған жақындаған полиция қызметкерлері қала тұрғынына көмектерін ұсынды. Ол көшеде ұзақ тұрып, тоңып қалған көрінеді.
Қала тұрғынынан алкогольдің өткір иісі шыққан, бірақ тәртіп сақшылары оны жазаламады.

Полицейлер апатқа жол бермеу үшін оны ең алдымен жылынсын деп патрульдік көлікке отырғызды, кейін үйіне жеткізді. Сонымен бірге олар әйелдің көшеде қалмауын қадағалау үшін туыстарының кіреберіс есікті ашуын күтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру