Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Мал ұрлығы” ЖПІШ аясында 6 дерек тіркелді

Ақмола облысында “Мал ұрлығы” ЖПІШ аясында алты дерек тіркелді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қарашада Ақмола облысының аумағында мал ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған “Мал ұрлығы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шараны өткізуге криминалдық және әкімшілік полицияның, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері және Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мал сою орындары мен ет өнімдерін өткізу пункттерін тексеріп, ет өнімдері мен қаңғыбас малды заңсыз тасымалдау фактілерін анықтауда.

“Мал ұрлығы” ЖПІШ алғашқы күні облыстық ПД аумақтық бөлімшелері 29 малды тауып, иелеріне қайтарды. Мал ұрлығының алты фактісін анықтады. Мал ұрлығы үшін үш адам ұсталды. Оның ішінде бір қылмыстық топ.

Бұдан басқа, ЖПІШ барысында “тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін заңсыз тасымалдау” ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша 21 әкімшілік хаттама жасалды. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша ІҚМ-нің қараусыз жайылып жүргені үшін 48 мал иесі жауапқа тартылды.

ЖПІШ шеңберінде полицейлер мал ұрлығының алдын алу бойынша халықпен әңгіме жүргізуде. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына көшедегі жануарларды ауылдық әкімшіліктерде есепке қоюды, әр мал басын таңбалау мен ен салуды жүргізуді, малды қараусыз қалдырмауды және оның сақталуын бақылауды күшейтуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру