Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері оқушының жоғалған телефонын иісшіл иттің көмегімен тапты

Елорда полицейлері оқушының жоғалған телефонын иісшіл иттің көмегімен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 9-сынып оқушысының анасы жүгініп, қызының мектепте iPhone 10 телефоны жоғалып кеткені туралы өтініш білдірген. Оқиға орнына құрамында арнайы үйретілген итпен бірге кинологтар бар полиция қызметкерлері жіберілді.

Граф атты қызметтік ит иіс бойынша телефонның қар астында жатқан жеріне әкелген. Мектеп оқушысы гаджетін қалтасына салып, жолда байқаусызда оны түсіріп алғаны анықталды. 6 жылдан астам қызмет ететін қызметтік-іздестіру итінің арқасында қысқа мерзімде телефон табылып, иесіне қайтарылды.

Заманауи технологиялардың болуына қарамастан, қызметтік ит әлі де полиция жұмысында сұранысқа ие. Жануардың сезім мүшелері – тұмсығы мен құлағы – техниканың қолынан келе бермейтін заттарды иіскеп, ести алады.

Астана қаласы Полиция департаментінің Кинологиялық қызметі орталығында 50-ден астам иісшіл ит қызмет етеді. Төрт аяқты полиция көмекшілері күнделікті адалдықтарын дәлелдеу арқылы өз жұмыстарын адал және жанқиярлықпен орындайды. Иттердің әрқайсысы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға, өз бағыты бойынша “жұмыс істеуге” шығады. Олар есірткі іздеуге, қылмыскерлерді ұстауға, адамды иісі мен ізі бойынша іздеуге үйретілген.

Иттердің негізгі қызметтік тұқымы – овчарка. Бұл оңай үйретілетін әмбебап иттер, олар кез келген тапсырманы орындай алады. Қызметке кіріспес бұрын, олар адамнан да, жануардан да шыдамдылық пен жоғары зейінді қажет ететін күнделікті жаттығуларды бірге орындайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру