Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада “Киокушинкай есірткіге қарсы” ұранымен каратэден чемпионат өтті

Ақмола облысында “Киокушинкай есірткіге қарсы” ұранымен киокушинкай-кан каратэден ашық чемпионат өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. 

Өткен демалыс күндері 25-26 қарашада Көкшетау қаласында балалар, ұлдар мен қыздар, жасөспірімдер, сондай-ақ ересектер арасында киокушинкай-кан каратэден Ақмола облысының ашық чемпионаты мен біріншілігі өтті.

Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, жастар арасында спорттық-сауықтыру жұмысын жақсарту, өскелең ұрпақтың есірткіге қарсы белсенді ұстанымын қалыптастыру болып табылады.

Чемпион атағы үшін Ақмола облысының өңірлерінен, сондай-ақ Астана қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарынан спортшылар бақ сынасты.

Жарыс “Ката” және “Кумите” екі бөлім бойынша өткізілді. Чемпионатқа 33 салмақ дәрежесінде 250 спортшы қатысты. Спарингтер тартысты өтті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін қарсыластар достық қол алысумен алмасты.

Жекпе-жек нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, олар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру