Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер есірткінің қауіптілігі туралы айтты

Қостанайлық полицейлер есірткінің қауіптілігі туралы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психикалық денсаулық орталығының өкілдерімен бірлесіп, Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжінің балалары мен жасөспірімдер үйінің тәрбиешілеріне арналған “Есірткісіз өмір!” тақырыбында дөңгелек үстелін өткізді.

Қатысушылар синтетикалық есірткінің жаңа түрлерінің қауіптілігі, қылмыстық жауапкершілік, есірткіге қарсы тәрбие және салауатты өмір салтын қалыптастыру және басқа да маңызды мәселелерді талқылады.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу үшін ҚР әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік заңдарының ережелері түсіндірілді.

Іс-шарада облыс ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері блогер Глеб Коломейцпен бірлесіп түсірген “ЗЛО – нашего времени” деректі фильмі көрсетілді.

Фильмде жастардың есірткі қылмысы үшін жазасын қалай өтейтіні көрсетілген, сұхбатта сотталғандар өздері жасаған қателіктерді жасамауға шақырады.

– Бүгінгі таңда нашақорлық мәселесі өткір, сондықтан үгіт-насихат жүргізу, кез-келген тәсілмен күресу қажет. Сондай-ақ бұл фильмді көрсету жақсы ой болды. Ол қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады, – дейді облыстық жасөспірімдер үйі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Балтабек Омаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру