Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да дүкен иесі алкоголь өнімін заңсыз сатқан

СҚО-да дүкен иесі алкоголь өнімін заңсыз сатқан. Дүкеннен 37 литр алкоголь өнімі алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамлют ауданында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың тағы бір фактісін анықтады. Дүкендердің бірінің иесі сөрелерден сыра мен коньякпен сауда жасаған. Сонымен қатар оның алкоголь сатуға лицензиясы болған жоқ. Құқық бұзушылықты “Қауіпсіз аула” акциясы барысында аудандық полицияның учаскелік инспекторларының бірі анықтады. Акция аясында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша көптеген міндет шешіліп жатыр. Дүкеннен 37 литр алкоголь өнімі алынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материал жиналып, әкімшілік сотқа жіберілді.

Аудандық ПБ бастығы Петр Климов атап өткендей, алкогольге қарсы заңнаманы бұзу отбасылық зорлық-зомбылық, бұзақылық және ұрлық, басқа да қоғамдық тәртіпті бұзу фактілеріне ықпал етеді. Олардың көпшілігі мас күйінде болады. Алкогольді заңсыз сатуға қарсы іс-қимыл-полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізетін жоспарлы профилактикалық жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі. Жыл басынан бері ауданда 278 литр заңсыз алкоголь тәркіленді.

Облыс бойынша қаңтар айынан бастап учаскелік инспекторлар 2667 литр заңсыз сатылатын құрамында спирті бар өнімді тәркіледі. Заңсыз кәсіпкерлік қызметі үшін 83 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру