Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпорын аумағынан астық ұрламақ болған тұрғын оқиға орнында ұсталды

Ақмола облысының тұрғыны түнде кәсіпорын аумағынан астық салынған қаптарды ұрлау кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 сәуірде Зеренді АПБ патрульдік полиция тобының қызметкерлері аудан орталығына іргелес жатқан аумақты патрульдеу кезінде түнгі сағат 03.00 шамасында шаруа қожалықтарының бірінің аумағынан металл қоршау арқылы астық салынған қаптарды тасымалдап жатқан жергілікті тұрғынды көрді. Оған дейін ол 10 қап астықты алып шыққан.

Залал сомасы анықталып жатыр.

Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта ер адамның қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп, істің өзге де мән-жайлары анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру