Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әкесі мен баласын қауыштырды

Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әкесі мен баласын қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Жас жігіт екі жаста болғанда ата-анасы ажырасып кеткен еді. Ол қазіргі уақытта Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады. Ол бала кезден әкесін көргісі келетін. Жақында әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, әкесінің орналасқан жерін анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұрады. Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурин толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның әкесінің орналасқан жерін анықтады.

Оның әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала қайта табысты.

Жас жігіт полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру