СҚО-да еріктілер қозғалысының үйлестірушісі ұрлықты ашқан полицейлерге алғыс айтты
СҚО-да еріктілер қозғалысының үйлестірушісі ұрлықты ашқаны үшін полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Аудан орталығы Бескөлдің тұрғыны Кристина Ашпекова әлеуметтік желіде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Оған велосипедпен туысы келген. Ол бірнеше минутқа ғана үйге кірген, бұл уақыт белгісіз қылмыскерге қоршаудың қасында қалдырылған 35 мың теңге тұратын велосипедін қолды қылуға жеткілікті болған. Ер адам келесі күні Қызылжар ауданы полиция бөліміне арыз жазуға барған. Кристина оны «102» нөміріне қоңырау шалуға көндірген. Уақтылы жүгіну септігін тигізді. Көшеде полицейлер ұрланған велосипедке ұқсайтын велосипедті әкетіп бара жатқан адамды байқаған. Күдікті ұсталды. Күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған аудан орталығының 39 жастағы тұрғыны болып шықты. «Темір тұлпар» полицияға қоңырау келіп түскеннен кейін жарты сағат ішінде заңды иесіне қайтарылды.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
– «Lider.kz» еріктілер қозғалысының үйлестірушісі бола тұра, мен із-түзсіз жоғалғандарды іздестіру кезінде тәртіп сақшыларымен тығыз өзара іс-қимыл жасаймын, полицейлердің тынымсыз еңбек ететінін білемін. Қылмыстың соншалықты жылдам ашылғанына қуаныштымын. Барлығын қылмыс жасалса, шұғыл «102» нөміріне хабарласып, бірден жүгінуге шақырамын. Полицияға анағұрлым жылдам жүгінсеңіз, соғұрлым қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болады. Полицейлерге жылдам жұмыс жүргізгендері үшін, әсіресе күдіктіні аңғарған және ұстаған аудан ПБ бастығының орынбасары Дулат Сүлейменовке алғыс білдіреміз, – деді Кристина.