СҚО-да полицейлер 10 күнде марихуана өсіретін бес зертхананы анықтады
СҚО-да полицейлер 10 күнде марихуана өсіретін бес зертхананы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі фитозертханаларын анықтау жөніндегі жұмыстарды күшейтті.
Қаңтар айының соңында 10 күн ішінде құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірді деген күдікпен Петропавл қаласының 27 мен 47 жас аралығындағы бес тұрғыны анықталды.
Олардың барлығы қылмыс үстінде, барлық дәлелмен ұсталды. Үйлерін тексеру кезінде олардың үйлерінен жарықтандыру құрылғылары және басқа да қажетті құралдар-жабдықтар, тұқымдар мен қарасора түптері табылды. Барлығы полицейлер 22 түп қарасора және 265 грамға жуық марихуана мен гашиш есірткі заттарын тәркілеп алды. Тергеу жүріп жатыр.