Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер 62 қылмысты ашты

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен 62 қылмысты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының жауынгерлерімен бірлесе қылмыскерлердің қару дүкеніне кенеттен шабуылдауы кезінде іс-әрекеттердің алгоритмін пысықтау бойынша оқу-жаттығу сабағын өткізді.

…Орталықтандырылған бақылау пультіне Н.Назарбаев көшесіндегі қару дүкендерінің біріне “дабыл тетігі” іске қосылғаны туралы сигнал келіп түскен. Кешікпей оқиға орнына жеке күзет ұйымының жедел ден қою тобы мен полицейлер шығады. Дабылдың оқу-жаттығу екендігі белгілі болды. Тексерісті СҚО ПД күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған. Мақсаты – полицияның патрульдік жасағы, жедел-тергеу тобының, сондай-ақ осы объектіге қызмет көрсететін жеке күзет ұйымы экипажының нақты келу уақыты мен іс-әрекеттері тәртібін тіркеу.

СҚО ПД КҚББ қызметкерлерінен басқа жаттығу сабағына Әкімшілік полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының қызметкерлері де қатысты. Олардың қатысуы кездейсоқ емес: СҚО ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы Құрман Мусиннің айтуынша, СҚО аумағында бірнеше қару дүкені жұмыс істейді. Криминалға жол бермеу, оларды сатып алушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның негізгі міндеті. Инженерлік-техникалық нығайтылуы саласында, сондай-ақ сатушылар мен жеке күзет құрылымдары қызметкерлерінің әрекетінде олқылық болмауы тиіс. СҚО аумағында орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған 5696 объекті жұмыс істейді.

Негізінен бұлар – банктер, айырбастау пункттері, ломбардтар, авто жанар-жағармай құю станциялары, кеңселер мен ірі дүкендер. Облыста 113 жеке күзет ұйымы бар, онда 1640 күзетші жұмыс істейді. Өздерінің барлық міндеттерін жедел әрі сапалы орындауы үшін олар үнемі шынығып, күзетілетін объектіге шабуыл жасалған жағдайда іс-әрекеттер алгоритмін жақсы білуі тиіс. 2020 жылы СҚО ПД КҚББ қызметкерлері 13 оқу-жаттығу сабағын өткізді. Жауынгерлердің дайындығын кенеттен тексеру биылғы жылы да жалғасын табады.

Жыл басынан жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен полицейлер төрт қылмысты ашқан. Өткен жылдың 12 айында күзетшілер қылмыстың 62 фактісін ашуға қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру