Сарыағаштық полицейлер «Ана тілім – Айбыным!» челленджін Ордабасыға жолдады
Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен бастау алған «Ана тілім – Айбыным!» челленджі жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өздеріңізге белгілі, Түркістандық полицейлер аталмыш челленджді Сарыағаш АПБ-на жолдаған болатын. Төмендегі бейнематериалда Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының аға инспекторы Наурызов Видади бұл өлең жырларын нақышына келтіре оқыды.
Бүгінгі таңда ұлты өзге болғанмен, жүрегі қазақ бұл тәртіп сақшысы мемлекеттік тілде еркін сөйлейді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қайсар жігіт челленджді қабыл алып, Ордабасы АПБ-не жолдады. Ендеше, тәртіп сақшыларына мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өз үлестеріңізді қосыңыздар демекпіз!