СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасының 800-ден астам бұзушылығын анықтады
СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасының 800-ден астам бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында 2022 жылғы 7 айда полиция қызметкерлері көші-қон қызметі заңнамасының 804 бұзушылығын анықтады. Оның ішінде: 655-і – шетелдіктердің елде болу мерзімдерін бұзуы, 149 факті – шетелдіктермен еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы. 28 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 624 заңды және жеке тұлға полицияға шетелдіктердің бар екендігін уақтылы хабарламағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қайыр сұрағаны үшін 2 шетелдік жауапқа тартылды. Сот көші-қон заңнамасын бұзғандарды елден шығару туралы 45 шешім шығарған.
Полиция қызметкерлері жыл басынан бері ел аумағынан тыс шығарып жіберу туралы сот шешімін орындаудан жалтарған 3 шетелдікті анықтады.
– Күнделікті полиция қызметкерлері шаруа және фермер қожалықтарын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын, құрылыс нысандарын, базарлар, сапаржайлар мен шетелдіктердің болуы ықтимал өзге де деген жерлерді тексереді. Мақсаты – шетелдіктер тарапынан көші-қон қызметі заңнамасының бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілерін анықтау. Көбінесе шетелдіктер тіркеу мерзімін өткізіп алады немесе қабылдайтын тарап өздерінде жүрген шетелдіктер туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарламайды. ҚР-да тіркеусіз 30 күн болуына рұқсаты бар шетел азаматтары арғы күндері тіркеле аламыз деп санайды. Алайда бұл қате пікір: заңнамаға сәйкес елде болу мерзімінің бұзылуына байланысты кешігу – сот шешіміне сәйкес ескертуге, айыппұл немесе елден шығаруға әкеп соғады. Шетелдіктер арасында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс жалғасуда, – деп атап өтті СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ермек Нұсырбаев.