Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер күдіктіден жарты келіден астам “синтетика” тәркіледі

Петропавлда полицейлер 23 жастағы астаналықтан жарты келіден астам синтетикалық есірткі тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, жас жігіт Петропавлға синтетикалық есірткі заттарын тарату мақсатында келген. Сәуір айында ол полиция мен ҰҚК СҚО бойынша департаменті қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасы барысында ұсталды.

Күдікті тұрған жалдамалы пәтерден және оның айтуымен жасырылған орындардан жалпы салмағы 0,5 келіден асатын ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде олардың құрамында синтетикалық α-PvP және мефедрон есірткілері бары анықталды. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Бұл — биыл полицейлер тәркілеген ең ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясы. Жалпы, қаңтар айынан бері облыста 139 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелді, оның 66-сы — сату фактісі. 40 келіден астам түрлі есірткі және психобелсенді заттар тәркіленген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру