Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен жергілікті тұрғындар із-түссіз жоғалған ер адамды іздестіруде

СҚО-да полицейлер мен жергілікті тұрғындар із-түссіз жоғалған ер адамды іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО Тайынша ауданында полицейлер, еріктілер және көмек көрсетуге ниет білдірген адамдар із-түссіз жоғалған Келлеровка ауылының 57 жастағы тұрғыны Сергей Владимирович Багинскийді іздестіруде. Оның туыстары полицияға 8 мамыр күні жүгінді. Алғашқы іздеу жұмысынан нәтиже шықпаған соң тәртіп сақшылары 13 мамырда WhatsАpp мессенджерінде жергілікті тұрғындарды іздестіру жұмысына көмек көрсетуге шақырды.


Еріктілер, белсенділер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері, Қазақтелеком қызметкерлері, жалпы 25 адам көмекке келді. Олар поселкелік полиция бөлімшесінің жеке құрамымен бірге бөлінген аумақта іздестіру жұмыстарына кірісті. Сондай-ақ Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде жоғалған ер адам туралы бағдарларды таратты.

Жоғалғанның ерекше белгілері: бойы 165 см, арықша келген, шашы мен мұрты ақ. Үстінде қара күртеше, басында сегізқиық кепка болған. Полицейлер оның жүрген жері туралы қандай да бір хабар болған жағдайда Тайынша қаласындағы мына телефон нөмірлері 8(715-36) 21-2-40, 22-8-75 немесе “102” арнасына хабарласуды сұрайды.

– Жоғалғанды кезекші тәулікте іздеп табу мүмкін болмады, іздеуге бейжай қарамайтын адамдардың қатысуы полицейлердің жұмысына зор септігін тигізеді. Жалпы жыл басынан облыстық полиция бөліністеріне адамдардың із-түссіз жоғалуына қатысты 141 өтініш келіп түскен, қазіргі уақытта олардың 138-і табылды, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру