СҚО-да полицейлер нашақорлық тұлыбын өртеді
СҚО-да полицейлер нашақорлық тұлыбын өртеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамлют ауданында полицейлер нашақорлық тұлыбын өртеді. Бұндай ерекше іс-шара шақырылған балалар үшін есте қаларлықтай болды, тәртіп сақшылары осылайша балаларға есірткінің зияны туралы еске салды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Петр Климовтің айтуынша, салауатты өмір салтын насихаттауда эмоционалдық әсер ету аса маңызды. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар облыс бойынша өткізілуде. Полицейлер жұмыс жүргізген кезде ең қызықты әдіс-тәсілдерді қолдануға тырысады. Петропавлда есірткімен күресетін қызметкерлер бірқатар спорттық іс-шараларды дайындауда, балалар мен жасөспірімдер қуана-қуана қатысуда. Тартылудан, аулалық клубтар арасында футболдан сайыстарды және тағы басқа спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.
– Жаз кезінде балалар мен жасөспірімдер демалыста болады, біз Жастар ресурстық орталығымен, балалар лагерьлерінің әкімшілігімен, басқа да ұйымдармен, қоғам қайраткерлерімен өзара іс-қимыл жасаймыз. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері СПИД-орталығының жұмыскерлерімен бірге “Берёзка”, “Достық” және “Сосновый бор” лагерлеріне барып қайтты. Бағдарламада дәрістерден бөлек, сыйлықтармен ойындар, бейнероликтердің көрсетілімі де бар. Петропавлда Жастар орталығымен бірге жоғары сыныптағы жасөспірімдерге есірткіге тәуелді болған адамның қатысуымен “дөңгелек үстелді” өткізу жоспарланып отыр. Жастардың бойында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін әрбір іс-шараны ерекше көңіл күймен өткізуге, өскелең ұрпақтың ақылына ғана емес, сезімдеріне де әсер етуге тырысамыз, – дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.
Бүгінгі таңда облыста наркология ұйымының есебінде 528 адам тұр, оның екеуі кәмелетке толмаған. Жас буынды еліктіргіш кесапаттан сақтау – тәртіп сақшыларының басты мақсаты. Жалпы жыл басынан полицейлердің профилактикалық іс-шараларына 10 мыңнан астам бала мен жасөспірім қатысты.