Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер педагогтерге жастардың интернеттегі жауапты мінез-құлқы туралы айтып берді

Солтүстік Қазақстан облысында өткен білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясында полицейлер интернеттегі қауіп-қатерлер және оқушылардың цифрлық ортадағы жауапты мінез-құлқы туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері педагогтерді жастардың жауапты цифрлық мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал етуге шақырды. Бұл "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асырудың маңызды шарттарының бірі.

Әрбір жасөспірім қандай ақпаратты таратуға болатынын, ал қандай ақпаратты таратуға болмайтынын нақты білуі тиіс. Сондай-ақ бейтаныс адамдарға күмәнді материалдарды таратуға көмектескені үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын және неліктен өздерінің банк карталарын, шоттарын және басқа да цифрлық құралдарын бөгде адамдарға беруге болмайтынын түсінуі қажет.

Жыл басынан бері СҚО-да 140 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, олардың екеуі бойынша кәмелетке толмағандар ұсталды. Заңсыз айналымнан шамамен 30 келі есірткі, оның ішінде 8 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Полиция атап өткендей, профилактика жасөспірімдердің өз әрекеттері үшін жауапкершілікті түсінуінен басталады — нақты өмірде де, цифрлық ортада да.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру