СҚО-да полицейлер Қарттар үйіндегі зейнеткерлерге концерт ұйымдастырды
СҚО-да полицейлер Қарттар үйіндегі зейнеткерлерге концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында облыстық Полиция департаменті қызметкерлері Жұмысшы кентіндегі Қарттар үйіне барып қайтты. Мәдени орталықтың погондағы әртістері зейнеткерлерге қайырымдылық концерт ұйымдастырды.
Тәртіп сақшылары концертке он әнді алдын ала ойластырып, дайындаған. Қарттар әрбір орындалған әнге қошемет көрсетіп қана қоймай, би де биледі. Қуаныштың көз жасы, көңіл бөліп келгендері үшін ризашылық, қуанышты көңіл-күй – осының барлығы Мәдени орталықтың өнерпаздары өнер көрсеткен кезде көрініс тапты. Зейнеткерлер қонақтарға алғыстарын білдіріп, пандемиядан бері өткізілмеген осындай іс-шараларды сағынғандарын атап өтті.
Аталған мекеменің атқарушы директоры Тамара Малетинаның айтуынша, полицейлер қалалық қарттар үйіне бұдан бұрын да барған, қатарынан бірнеше жыл бойы көктемгі мерекелер қарсаңында концерттер ұйымдастырып келді. Екі жыл бұрын риза болған ата-әжелер облыстық полиция басшысына хатпен алғыстарын жеткізген – ведомствоның вокалдық тобының шеберлігіне тәнті болып, көңіл бөліп келгендері үшін ризашылықтарын білдірген еді.
СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Сәуле Андағұлованың айтуынша, мамыр айындағы мерекелерге, сондай-ақ Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай жеке құрамның күшімен бірқатар іс-шаралар жоспарланып өткізілуде. 23 маусым – Полиция күні қарсаңында, осындай қайырымдылық концерт облыстағы аудан орталықтарының бірінде орналасқан тағы бір қарттар үйінде өткізілетін болады.