Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда жасөспірімді алдап кеткен күдікті ұсталды

Елордалық полицейлер алаяқты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 сәуір күні сағат 20.55 шамасында “Сарыарқа” аудандық Полиция басқармасының кезекші бөліміне елорда тұрғыны жүгінген. Оның айтуы бойынша, таңертеңгі уақытта мектепке барар жолда белгісіз біреу ұлының ұялы телефонын алдап алып кеткен.

Тексеру барысында ер адамның 16 жастағы жасөспірімнің құны 180 мың теңге тұратын “VIVO-21-E” маркалы ұялы телефонын алдап иемденгені анықталды.

Тәртіп сақшылары бағыт-бағдар бойынша ауданда толық іздеу жұмыстарын жүргізді. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 31 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру