Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтандық үш жігіт алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Үш елордалық тұрғын, оның ішінде екеуі ағайындылар, бірнеше ай бойы “PlayStation 5” гаджеттерін жалға алып, оларды ломбардқа өткізіп жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер пайдакүнемдік мақсатта тұрғын үйді жалға алып, басқа адамдардың жеке куәліктерін пайдаланған. Консольді жалға беруші адамдармен жігіттер сол жалдамалы пәтерде кездесіп, ойын гаджеттерін алғаннан кейін ол жерден бой тасалап отырған. Осылайша, олар сегіз азаматты алдап, ойын консольдерін қолды еткен.

Қазіргі уақытта полицейлер ұрланған “PlayStation 5” ойын консольдерінің орналасқан жерін анықтауға бағытталған іздестіру шараларын жүргізуде, олардың бірқатары табылды.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру