Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында шопан бағып жүрген малдарын сатып жіберген

Жамбыл облысында шопан бағып жүрген малдарын сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғыны 14 сәуірде Жуалы ауданында орналасқан оның шаруа қожалығындағы шопаны өзіне сеніп тапсырылған 22 қойы мен 22 ешкісін иемденіп кеткені туралы шағымданды. Келтірілген шығынның көлемі 1,3 млн теңгеден асады.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері Тараз қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында шопанның өз жұмысын пайдаланып, малдарды сатқаны және ақшаны иемденгені анықталды.

Ер адам 10 қой мен 8 ешкіні ВАЗ 2114 автокөлігіне айырбастап жіберген. Қалған малдарды 110 мың теңгеге сатқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Меркі ауданында полиция қызметкерлері тағы бір ұқсас қылмысты ашты.

Полицияға сеніп тапсырылған мүліктің жоғалғаны туралы Екпінді ауылының 69 жастағы тұрғыны хабарласады. Әйел 2019 жылы өзінің шаруа қожалығындағы шопанның сеніп тапсырылған 4 асыл тұқымды қойы мен бір жылқысын сатып жібергені туралы шағымданған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 26 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады.Күдікті өз кінәсін толық мойындап, 2021 жылы бұл малды жергілікті тұрғындарға 250 мың мың теңгеге сатқанын, ал ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтты.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салудың 17 дерегін тіркеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру