Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да Полиция басқармасының қызметкері Абай оқулары байқауында топ жарды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырған байқау ұлы және ойшыл ақынның 175 жылдығына орай өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік талаптарды сақтап, байқау қашықтық форматында өтті: қатысушылар Facebook-та көруге болатын өздерінің бейнежазбаларын жіберді.Қазылар алқасы қатысушылардың мәнерлеп оқығандарын ғана емес, сонымен қатар әртістік қабілетпен жеткізулерін де бағалады. Түрлі ведомстволардың қырықтан астам қызметкерлерінің 20-дан астамы жүлделі орындарға ие болды. Қазылар алқасы үш бас жүлде тікті – олардың екеуіне қалалық бөліністің жетекші маманы Жанар Махатова ие болды.
Қазақ тілі – Жанардың ана тілі. Ол Абайдың шығармаларын бала кезінен сүйіп оқиды.

– Алайда, бала кезде Абай шығармаларының тереңдігін түсіне бермейсің, бірақ есейе келе, өмір тәжірибесімен Абай ойының тереңдігін түсінесің, – дейді ол. – Байқауда мен өзімнің сүйікті шығармаларымды орындадым: Абайдың “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым” өлеңі мен оның “Қара сөзі”. Абайды оқу – бұл айналаңда немесе өз жан дүниеңде жаңа бір әлемнің есігін ашу.

Жанар Махатова полиция басқармасының ішкі және сыртқы коммуникациялар тобында жұмыс істейді. Оның міндеті – мемлекеттік тілді насихаттау жөнінде іс-шаралар өткізу, құжаттарды редакциялау, басқармадағы полицейлерге арналған қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру.

– Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының “Тіл туралы” Заңының орындалуы, сондай-ақ полиция қызметі туралы халыққа ақпарат беру жүктелген Полиция департаментінің ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің үйлестіруі барысында жүргізіледі, – деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев. – Мемлекеттік тілді дамыту және насихаттауға ерекше мән беріледі, сондықтан басшылық қызметкерлердің осындай іс-шараларға қатысуын әрқашан қолдайды. Айта кету керек, Солтүстік Қазақстан полицейлері облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған барлық конкурстарға қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып келеді. Оның ішінде жыл сайын өткізіліп келген “Парасатты полицей” байқауын айтуға болады.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Абайдың мерейтой жылында ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі осы байқау сияқты өзіндік бір ерекшелігімен алаңға айналғанын еске салды. Департамент медиастудиясында Абай шығармаларын жатқа оқыған қызметкерлердің балалары түсірілген бейнежазбалар Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік желілерінде нағыз хитке айналып, мыңдаған адам тамашалады. Айта кетсек, Жанар Махатованың қызы Жансая да осы “Абай бейнемарафонына” қатысты. Басты мақсат – жас жеткіншектердің дарындылықтарын көрсету және қазақ халқының ұлы перзентінің ғасырлық даналығына тағы бір рет көз жүгірту болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру