Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы журналистерді мерекемен құттықтады

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы баспасөз қызметін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында, ҚАЖ департаментінің бастығы Алмас Шамишев әріптестері арасында үлкен құрметке ие болған департаменттің баспасөз хатшысы – Гүлфайруз Төремұратованы жеке құрамның атынан төл мерекесімен құттықтады.

А.Шамишев, департаменттің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың маңызды және сапалы ақпараттарды уақыт талғамастан әлеуметтік желідегі жұмыс парақшаларына, жергілікті және республикалық БАҚ-қа жариялауда қызметіне адалдық танытып, міндетін өте жоғары деңгейде атқарып келетінін айтып, жеке құрамның атынан шығармашылық шабыт, отбасына амандық, бақыт тіледі.

Пробация қызметінің қызметкерлері де есепте тұрған сотталғандармен атқарылып жатқан жұмыстарды, жаңалықтарды дер кезінде оқырманға түсінікті, сапалы тілде хабарлап отыратын департаменттің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованы кәсіби мерекесімен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық тіледі.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жеке құрамы БАҚ-пен тығыз байланыста қызмет етіп, ҚАЖ саласын дамытуда үлкен үлес қосып келетін Қылмыстық-атқару жүйесі саласы Комитетнің және облыстардағы ҚАЖ департаменті қызметкерлері мен ҚАЖ саласында ақпараттық қолдау көрсетіп келетін БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтап, шығармашылық шабыт, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру