Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық құтқарушы Елбасының алғыс хатымен марапатталды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Жамбыл еріктілеріне ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаттарын табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белсенді еріктілер арасында Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының сүңгуір-құтқару бөлімшесінің басшысы Кенжегулов Шокан Жуманалыевич болды. Шокан Жуманалыевич “Biz birgemiz!” төтенше жағдай режимі кезінде әлеуметтік пакеттерді жеткізуді қамтамасыз етуге, мұқтаж жандарға барлық қажетті көмек көрсетуге белсене қатысты.

Айта кету керек, Шокан Кенжегулов өз жұмысында нағыз кәсіби маман болып табылады. Өйткені, ол балалармен судағы қауіпсіздіктің барлық маңыздылығын жеткізуге тырысатын түсіндіру әңгімелерін жиі өткізеді. Балалар өз кезегінде оны әрдайым мұқият тыңдайды. Сонымен қатар Шокан жоғары білікті сүңгуір-құтқарушы болып табылады. Оның есебінде құтқарылған және жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстары аз емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру